Бокс
Бүгін 09:41

Әлімханұлының чемпиондық айқасы Еуропаны дүрліктіріп қойды

©Top Runk

Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен жеңіліп көрмеген Якоб Бэнкс (20-0, 11 KO) арасындағы чемпиондық жекпе-жекке қызығушылық жоғары болғаны сонша, Данияда өтетін бокс кешіне әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер жиналмақ, деп хабарлайды Vesti.kz Fighting.dk басылымына сілтеме жасап.

Жекпе-жекке қатысты халықаралық қызығушылық ұйымдастырушылардың күткенінен де асып түсті. Мәліметке сәйкес, Даниядан бөлек тағы сегіз елдің тұрғындары бокс кешіне билет сатып алған.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 23 қаңтарда Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында Швеция, Норвегия, Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Румыния, Қазақстан және тіпті АҚШ-тан келген көрермендер болады деп күтілуде.

Primetime Boxing промоутерлік компаниясы шараға деген халықаралық қызығушылықтың күткен межеден асып кеткенін мойындады.

"Бокс жанкүйерлерінің жекпе-жекті Хорсенсте тамашалау үшін мемлекеттік шекаралардан өтуге, тіпті кейбірінің Атлант мұхитын кесіп өтуге дайын екеніне мақтанамыз әрі шын жүректен тәнтіміз", - деп мәлімдеді промоутерлік компания өкілдері.

23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Бэнкс екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Еске салайық, бұл титул британиялық боксшы Хамза Шираз (24-0-1, 19 KO) чемпиондық белбеуден ресми түрде бас тартқаннан кейін бос қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport