Америкалық badlefthook.com сайты Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) толыққанды чемпион атанғанда бірінші қорғауын кімге қарсы өткізетінін жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы айқассыз-ақ әлем чемпионы белбеуін өзіне алады
"Деметриус Андраде қауіпті жекпе-жекке шықпас үшін белбеуден бас тартады. Жәнібек Әлімханұлымен айқасу орнына ол суперорта салмаққа өтпек.
Ал Әлімханұлы толыққанды чемпион атанады. Оның бірінші қорғауы міндетті қарсыласқа қарсы өтеді. Хайме Мунгия қазіргі таңда бірінші нөмір. Алайда ол да бұл айқасқа мүлде шыққысы жоқ. Демек Крис Юбенк қалады. Егер Юбенк келесі айқасында Конор Бенді жеңсе, Жәнібекпен алдағы айқас қызықты болмақ", - деп жазады басылым.
"Түнгі үрейімін". Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионының шешіміне қатысты