Бокс
26 тамыз 2019 11:03

Әлімханұлының бапкері Ковалев пен Ярд жекпе-жегін сегізінші раундтан кейін тоқтатпақ болған

© boxingscene.com
Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Сергей Ковалевтің бапкері Бадди МакГирт сегізінші раундтан кейін Энтони Ярдпен жекпе-жекті тоқтатуға дайын болғанын айтады. Өйткені ресейлік тым көп соққы өткізген болатын, - деп хабарлайды "Чемпионат".


"Сергей жас әрі жеңіске деген құлшынысы жоғары боксшыға қарсы жақсы жұдырықтасты. Иә, Сергей бірнеше қателік жасады. Сегізінші раундта қобалжыдым. Үзілісте Ковалевке келесі раундта осылай болса, жекпе-жекті тоқтататынымды айттым. Бірақ Сергей бәрін өз қолына алды да, жеңіске жетті", - деп келтіреді МакГирттің сөзін "Р-Спорт".

Айта кетейік, 19 шілдеде Бадди МакГирт өзі жаттықтыратын өзге ресейлік Максим Дадашевтің жекпе-жегін 11 раундта тоқтатқан. Осыдан кейін Дадашев бас миының добығып кетуінен бірден ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан боксшы көз жұмды. 

Сонымен қоса, МакГирт орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының бапкері.