Сауд Арабиясының суперинвесторы Турки әл аш-Шейх британиялық боксшы Хамза Шираз (22-0-1, 18 KO) екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альвареспен (63-2-2, 39 KO) жекпе-жекке шығатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нокаутпен жеңістің арқасыЕске салайық, Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінде Шираз пуэрторикалық Эдгар Берлангамен (23-2, 18 KO) жұдырықтасты. Британиялық боксшы бесінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, өзінің мықтылығын дәлелдеді. Бұл әсерлі жеңіс Турки әл аш-Шейхтің назарын аударды.
Канелоның Туркимен келісімшарты бар"Хамза енді 2026 жылы Канеломен жекпе-жекке лайық", – деп жазды әл аш-Шейх X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).
Айта кетейік, Турки әл аш-Шейхтің Канело Альвареспен төрт жекпе-жекке эксклюзив келісімшарты бар. Бұл келісім аясындағы алғашқы жекпе-жек кубалық Уильям Скаллмен (23-1, 9 KO) өтті - мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Келесі суперайқас - Канело мен амеркиалық Теренс Кроуфордтың (41-0, 31 KO) кездесуі 2025 жылдың 13 қыркүйегінде АҚШ-та өтеді.
Шираз Әлімханұлынан қаштыЕстеріңізге сала кетейік, бұған дейін орта салмақта өнер көрсеткен Хамза Шираз қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) қарсылас ретінде қарастырылған болатын. Ол тіпті WBO белбеуі үшін Жәнібекпен жекпе-жекке шығуға мүмкіндік алған. Алайда Шираз бұл кездесуден бас тартып, WBO рейтингіндегі орнын жоғалтқан еді.
Қазіргі таңда 26 жастағы Шираз - Еуропа (EBU) және Британия ынтымақтастық чемпионы, сондай-ақ WBC Silver титулының иегері.