Boxen1.com порталының шолушысы Джонни Орбан британиялық Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жектен бас тартуына қатысты ойын айтты.
"Әлімханұлымен жекпе-жектің өтпеуі Шираздың промоутері Фрэнк Уорреннің қулығы. 7 желтоқсан "Уэмбли" аренасында өтетін Дензел Бентли (№2 WBO) мен Брэд Полс (№4 WBO) жекпе-жегінің жеңімпазы Шираздың орнына WBO титулына үміткер атанатыны анық. Демек Куинсберри (Quensberry Promotions) өз боксшыларының бірін Әлімханұлына қарсы қоя алады. Ал жеңіске жетіп жатса, бүкіл британиялық чемпиондық айқас ұйымдастырады", - деп жазыпты Орбан.