Бокс
Бүгін 15:19
 

Әлімханұлынан белбеуін тастай қашқан Шираз өзіне басқа қарылас тапты

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлынан белбеуін тастай қашқан Шираз өзіне басқа қарылас тапты © instagram.com/hamzahsheeraz

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартып, екінші орта салмақтағы WBO белбеуін босатқан британиялық боксшы Хамза Шираз жаттығу лагеріне кірісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартып, екінші орта салмақтағы WBO белбеуін босатқан британиялық боксшы Хамза Шираз жаттығу лагеріне кірісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxing King Media мәліметінше, оның келесі қарсыласы Ұлыбритания мен Достастық елдерінің қазіргі чемпионы Каллум Симпсон болуы мүмкін.

Сондай-ақ америкалық Эдгар Берлангамен реванш өткізу нұсқасы қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, америкалық Деметриус Андрадемен немесе мексикалық Хайме Мунгиямен жекпе-жек өткізуі де ықтимал.

Алайда әзірге бұл нұсқалардың ешқайсысы ресми түрде расталған жоқ. Жекпе-жектің өтетін күні мен орны да белгісіз.

Айта кетейік, Шираздың шешімінен кейін екінші орта салмақтағы WBO титулы бос қалды. Енді бұл титул Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Бэнк арасындағы жекпе-жекте сарапқа салынады. Кездесу қаңтар айында Данияның Копенгаген қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!