Бокс
13 ақпан 13:04

Әлімханұлына өз промоутерлерінен тікелей зиян келетін болды

©Видеодан кадр

Американың ESPN халықаралық спорт арнасы Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарты үзетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Боб Арум негізін қалаған бұл компания Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) да ісін жүргізеді. 

Top Rank басқа трансляторлармен келісімге келуге тырысуда, бірақ, бәрі бас тартып жатқан көрінеді. 

Мұның алдында Top Rank ұйымдастырған шараның орташа аудиториясы 1,5 миллион көрермен болған. Бірақ кейінгі кезде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеген екен. LVsportsbiz мәліметінше, бұл бокстағы жаһандық бәсекелстіктің артуымен байланысты. 

Бұл жағдай промоутерлерге ғана емес, боксшылар үшін де зиянды болып отырғанын айта кетейік. Өйткені боксшылардың гонорары трансляцияға тікелей байланысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport