Бокс
24 қыркүйек 09:23
 

Әлімханұлына неге салмақ ауыстыруға болмайтыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлына неге салмақ ауыстыруға болмайтыны айтылды ©Видеодан кадр

Белгілі промоутер әрі менеджер Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) өз салмағында қалу керегін айтты.

blog.share

Белгілі промоутер әрі менеджер Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) өз салмағында қалу керегін айтты.

Шілде айында Жәнібек міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өте алмай, ауруханаға түскен болатын. 

Осылай бұл айқас кейінге шегеріліп, 4 қазан Сиднейде өтетін болды.

"Неге бәрі Әлімханұлында салмақ түсірумен қиындық болғанына алаңдап отырғанын түсінбеймін. Мұндай жиі болады және боксшының жағдайы нашар дегенді білдірмейді. Бұл түрлі ерекшеліктерге байланысты. Оған дивизион ауыстырып та керек емес. Қазір орта салмақта белбеулері бар, ал екінші орта дивизионға көтерілсе, нөлден бастайды. Ол атақты боксшылармен әлі айқаспады, ал бұл жекпе-жек ұйымдаструда кері әсер етеді. Канеломен жекпе-жекті оған бірден бере салмайды. Өзін таныту керек. 

Сондықтан Жәнібекке орта салмақтағы титулдарды жиауға тырысып, атақты бір-екі боксшыны жеңу қажет. Міне содан кейін дивизион ауыстыруды ойлауға болады", - дейді Алиев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!