Бокс
Кеше 09:29
 

Әлімханұлына қатысты асығыс шешім жасаудың қажеті жоғы айтылды

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлына қатысты асығыс шешім жасаудың қажеті жоғы айтылды ©Top Rank

2000 жылғы Олимпиаданың чемпионы Ермахан Ибраимов орта салмақта IBF және WBO титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) допинг дауына қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

2000 жылғы Олимпиаданың чемпионы Ермахан Ибраимов орта салмақта IBF және WBO титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) допинг дауына қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 6 желтоқсан Сан-Антониода (АҚШ) 32 жастағы Жәнібек карьерасындағы басты жекпе-жек - WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титул біріктіретін айқас өткізу керек еді. Алайда Әлімханұлының допинг тесті оң нәтиже көрсетіп, ол кардтан шығып қалды. Бұл оқиға бойынша WBO ұйымы тексеріс бастап кетті.

Ибраимовтің пікірінше, дегенмен қорытынды жасауға әлі ерте. Өйткені спорт тарихында алғашқы тест оң болып, бірақ кейінгі талдаудан спортшылар сәтті өткен жағдайлар болған.

"Спортшылардың екінші допинг сынамасын тапсырып, оны сәтті өткен кездері болған. Сондықтан асықпайық, тағы бір тест нәтижесін күтейік", - деді Ибаримов "Таңшолпан" бағдарламасында.

Ал Лара Сан-Антониода айқасын өткізетін болды: оның жаңа қарсыласы - венесуэлалық Йохан Гонсалес (36-4, 34 KO), ол Жәнібектің орнына жекпе-жекке шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!