Әлімханұлына карьерасындағы қиындықты еңсеретін жалғыз жол айтылды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

World Boxing News порталының редакторы Фил Джей орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының екінші қорғауына қатысты ойын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол Жәнібектің карьерасындағы басты қиындықты атады.

Атақты бапкер Әлімханұлының нокаутпен жеңісін сынға алды

"Әлімханұлы ыңғайсыз жағдайға тап болды. Онымен дивизион көшбасшылары жекпе-жекке шықпай жатыр, ал титулды қорғауға аса мықты емес боксшымен шықты. Ары қарай не болмақ? Орта салмақта қиындықтар туу мүмкін. Мұнда топ боксшылар арасында байланыс нашар. Басқа салмаққа ауысу керек пе? Әлі ерте деп ойлаймын. Қазақстандық боксшы оншалықты танымал емес. Оған қалған бір амал өз мүмкіндігін күтіп, қалаған қарсыласының ашуына тию. Сонда олар айқасқа келіседі. Мүмкіндік болса Чарло не Ларамен келіссөз бастау қажет. Сол кезде мықты жекпе-жек болады. Ал әзірше енді Батлерден мықтырақ қарсылас қарастыру керек, әйтпесе көргендеріңіздей сын айтылады", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар