Әлімханұлына екі чемпиондық белбеуін де қорғауға рұқсат берді

©Top Rank

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жегінде IBF және WBO нұсқасындағы екі белбеуін де қорғайды, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Бастапқыда Жәнібек IBF чемпиондық атағын ғана қорғайды деп айтылған. Кейіннен WBO президенті Франсиско "Пако" Валькарсель твиттер желісінде бұл ұйымдағы атағын да қорғайтынын жазды. 

 Бокс кеші 4 қазан күні Сиднейде (Аустралия) өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар