Әлімханұлына 24 нокауты бар атақты боксшымен айқасуды ұсынды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бокс туралы жазатын vRINGe.com порталы 2024 жылы көпшілік күтетін жекпе-жектер рейтингін жасапты. Бұл тізімде орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен британиялық Крис Юбенк (33-3, 24 КО) арасында кездесу өткізу қажеттілігі де айтылған, деп жазады Vesti.kz.

"Бұл айқаста сарапқа не салынады? Екі чемпиондық титул.

Неге рейтингте тап осы орын? Юбенк атағы арқасында таңдау жасай алады. Ол ақша үшін жасы келген отандастарымен жұдырықтасуды немесе чемпиондық титулға қол жеткізудің соңғы мүмкіндігін таңдау керек. 

Егер Конор Беннмен келісе алмаса, бетін Жәнібек жаққа бұруы ықтимал. Қазақстандық боксшыға Юбенктің басын алып, қанжығасына байлап алу керек болып тұр. Өйткені оның қарсыластар тізімінде атақтылар жоқ болғандықтан әлі де сүрең тартып тұр. 

Алайда жекпе-жектің өту мүмкіндігі төмен", - делінген материалда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport