Әлімханұлын жеңген өзбек "Бұзақы" қарсыласын бір соққымен құлатты
"Бұзақы" лақап атты 26 жастағы өзбек боксшы Бектемир Меликузиев (11-1, 9 КО) кәсіпқойда кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұзақы" лақап атты 26 жастағы өзбек боксшы Бектемир Меликузиев (11-1, 9 КО) кәсіпқойда кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін өзбекстандық осы жолы 34 жастағы америкалық Улисес Сиеррамен (17-3-2, 10 КО) жұдырықтасты. Инглвудтағы (Калифорния, АҚШ) бокс кешінде өткен айқас он раундқа есептелген болатын, алайда үшінішісінде аяқталды. Бектемир бауырдан жасаған бір соққымен қарсыласын құлатып тастады.
Ufff!! @BMelikuziev closes it out with less than 10 seconds to go in the 3rd.#RochaAshie | LIVE on @DAZNBoxing pic.twitter.com/ZX0UruyGCg
— Golden Boy (@GoldenBoyBoxing) January 29, 2023
Еске салайық, Меликузиев кәсіпқой карьерасында бір-ақ рет жеңілген. 2021 жылы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы қарсыласы Габриэль Росадо (26-16-1, 15 КО) өзбек боксшыны үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Ал әуесқойда Меликузиев 2016 жылғы Олимпиада мен 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болған, сонымен бірге, екі рет Азия чемпионы атанған еді. 2015 жылғы Азия чемпионатында ол Жәнібек Әлімханұлынан, ал 2017 жылғы Азия чемпионаты мен әлем біріншілігінде Ерік Әлжановтан басым түскен.
Жарнама