Өзбекстандық боксшы Бектемир Меликузиев (15–1, 10 KO) чемпионға міндетті қарсылас атану үшін өтетін іріктеу айқасында америкалық Дариус Фалгуммен (14–0, 12 KO) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бектемир Меликузиев кім?Меликузиев — Рио-2016 Олимпиадасының күміс жүлдегері. Қазір ол WBA ұйымының екінші орта салмақ рейтингінде үшінші орында тұр және рингке аздаған басымдығы бар боксшы ретінде шығады.
Айта кетейік, 29 жастағы өзбек боксшы әуесқой карьерасында қазір кәсіпқойда IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын жеңген болатын.
АҚШ-тың Техас штатының тумасы Дариус Фалгум WBA рейтингінде төртінші орында және Меликузиевке іріктеу айқасында қарсылас болады.
Boxing News мәліметінше, бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионына міндетті қарсылас болатыны анық.
Екінші орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулер Сауль Канело Альваресте (62–2–2, 39 KO). Мексикалық боксшы суперинвестор Турки Әл аш-Шейхпен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойған, бұл оның карьерасындағы соңғы кездесулер болуы мүмкін. Канело абсолют атағын кубалық Уильям Скуллмен (23–1, 9 KO) жеңгеннен кейін қайтарып алған еді.
Биыл 13 қыркүйекте Канело америкалық Теренс Кроуфордпен (41–0, 31 KO) жұдырықтасады. Ал келісімшарт бойынша қалған екі қарсыласы әзірге белгісіз. Сондықтан, Канело алдағы уақытта Меликузиев — Фалгум жекпе-жегінің жеңімпазына қарсы титулдарын қорғауы әбден мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, өзбекстандық боксшы — Фалгумға тойтарыс бере алытн боксшы. Оның жақын қашықтықтағы денеге жасаған дәл соққылары америкалықтың шабуылын тойтарып, Фалгумның өз стилін байлауға тырысу қадамдарын бұза алады.
Боксшылардың айқасы 30 мамыр күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.