Premier Boxing Champions (PBC) промоутерлік компаниясы орта салмақта WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) мен WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) арасындағы жекпе-жек алдында арнайы бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылардың титулдар біріктіретін жекпе-жегі 6 желтоқсанда өтеді және Сан-Антониодағы (Техас штаты, АҚШ) бокс кешіндегі басты оқиғаның бірі болады.
"Өткір бокс. Білдірмей жетіп алатын қуат. Сол қолдың өлтіріп қоятын соққысы. Эрисланди Лара жақсы шарап сияқты пісіп-жетілді және ол осының бәрін Жәнібек Әлімханұлына 6 желтоқсан күні орта салмақтағы WBO, WBA және IBF белбеулері үшін өтетін айқаста толық көрсетеді", — делінген PBC хабарламасында.
Sharp boxing. Sneaky power. Lethal left hand. @LaraBoxing has aged like fine ? and he'll be serving a fist-full to Janibek in their WBA, WBO, and IBF middleweight unification bout Dec. 6 on @PrimeVideo. #LaraJanibek pic.twitter.com/VokjI7rgYF
— Premier Boxing Champions (@premierboxing) November 24, 2025
42 жастағы Лара кейнігі жекпе-жегін 2024 жылдың қыркүйегінде өткізіп, екі салмақта бұрынғы чемпион америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) нокаутпен жеңген болатын.
32 жастағы Әлімханұлы 2025 жылдың сәуірінде Астанада өткен кездесуде титулдарын қорғап, бесінші раундта Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсірген.
Жарнама