Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері бойынша басқармасынынң төрағасы Турки Әл аш-Шейх 12 шілдеде АҚШ-та өтетін The Ring бренді аясында өтетін бокс шоуының мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Канеломен айқасу мүмкіндігіКештің басты оқиғасы екінші орта салмақтағы британиялыққ Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) бен америкалық Эдгар Берланга (23-1, 18 КО) арасындағы іріктеу жекпе-жегі болады. Осы айқастың жеңімпазы болашақта мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альвареспен (63-2-2, 39 КО) жұдырықтасуы мүмкін.
Турки Шираздың АҚШ-та жақ еткісі келіп, карьерасына тікелей әсер етуі мүмкін Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) пен Канело арасындағы мега-файттың нәтижесін асыға күтіп отырғанын айтады. Ал Берланга The Ring аясындағы шоуда өзін өнерін паш етуге асығып отырған көрінеді, деп хабарлайды AllBoxing.
Жәнібекпен сол күйі шықпадыБұған дейін Ширазға орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек ұсынылған еді. Алайда Шираз WBC белбеуі үшін доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) айқасты таңдады.
Ол кездесуде Адамес пен Шираз тең түсіп, доминиканалық чемпион белбеуін сақтап қалды. Одан кейін британиялық боксшы бір дивизион жоғары көтеріліп кетті.