Нью-Йорктегі бокс кешінің басты айқасы екінші орта салмақта WBC (76,2 келіге дейін) титулына элиминатор аясында өтті. Бұл кездесуде пуэрторикалық экс-үміткер Эдгар Берланга (23-2, 18 KO) мен британдық Хамза Шираз (22-0-1, 18 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Айқас сылбыр басталдыЖекпе-жек төмен қарқында басталды - қос боксшы джебтер арқылы қимылдап, бір-бірін барлап отырды. Өзінің жаңа салмағындағы алғашқы кездесуін өткізген Шираз бой мен қол ұзындығы жағынан айқын басымдыққа ие болды. Айта кетейік, 2021 жылға дейін ол тіпті жартылай орта салмақта (69,9 кг дейін) өнер көрсеткен.
Үшінші раундта жекпе-жек қыза түсті: Берланга жақын қашықтықта шабуылға көшті, бірақ, нәтиже емес, жеткені өткізіп алған бірнеше ауыр соққы болды. Әсіресе бір апперкот ерекше қауіпті болды. Раунд соңында пуэрторикалық бақылау орнатқысы келді, алайда, сәтсіз.
Жекпе-жекті төреші тоқтаттыТөртінші раундта Берланга тағы да алға ұмтылып, екі мәрте нокдаунға түсті. Оның бірі - Шираздың сол қолмен жасаған күшті хук болды. Төреші жекпе-жекті тоқтатпай, Берлангаға жалғастыруға мүмкіндік берді. Алайда бесінші раундта Шираздың тағы бір дәл және жойқын соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, британиялық боксшысы техникалық нокаутпен (ТКО 5) жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Хамза Шираз орта салмақта өнер көрсеткен және WBO мен IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) қарсыласы болу керек еді.