Әлімханұлымен жекпе-жекке келісетін кез келген боксшыға қыруар ақша беріледі

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының промоутер Боб Арум қазақстандықпен айқасқа келіскен орта салмақтағы кез келген мықты боксшыға үлкен ақша төлеуге дайын, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Егер Жәнібек мен күткендей Бентлимен ісін аяқтаса, онымен шыққысы келген кез келген орта салмақтағы боксшымен жекпе-жек күнін белгілейміз және оған қомақты сомма береміз. Әркімнің промоутері бар, сондықтан аттарын атамай-ақ қояйын. Ол промоутерлер мұндай жекпе-жекке қарсы. 

Сонымен, не айтқым келіп тұр - кез келген топ тізімдегі орта салмақ боксшысы, жекпе-жекке дайын және үлкен пайда көргісі келсе, ақшасын беріп, айқасқа шығарамыз", - дейді Арум. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар