Әлімханұлымен жекпе-жек? Жеңілмеген қазақ боксшы титулды айқасқа шығады

8 қыркүйек 2023 14:09
©instagram.com/meiirim.nursultanov

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) бүкіл әлемдік бокс кеңесінің (WBC) чемпиондық белбеуін көздеп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының командасына жақын дереккөз мәліметінше, Нұрсұлтанов WBC белбеуін мақсат тұтып отыр. 

Америкалық Джермалл Чарло чемпиондық атақтан айырылуы ықтимал. Ол рингке екі жыл шықпады, ал Мейірім ұйымның уақытша чемпионы пуэрториколық Карлос Адамеспен жекпе-жекке үміткерлер тізімінде бірінші тұр. 

Мұның алдында Нұрсұлтанов IBF рейтингінде жоғары тұрған боксшымен жекпе-жеке шығуы мүмкін екені айтылған. Бұл айқастың жеңімпазы келесі жылы ұйым чемпионымен жұдырықтасады. Алайда IBF титулын иеленіп тұрған германиялық Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 КО) 14 қазанда орта дивизионда WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығатыны белгілі. 

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтиінгінде екінші, IBF бойынша бесінші және WBO желісі бойынша үшінші орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар