Бокс
24 қараша 16:23

Әлімханұлы World Boxing басшысы болған Головкинге үн қатты

©x.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO және IBF әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әйгілі жерлесі Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық бокс федерациясының президенті қызметіне тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы GGG-ге жаңа қызметінде зор табыс тіледі.

"GGG ағамды World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын! Жұмысына тек сәттілік тілеймін!" - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport