Әлімханұлы WBO титулына таласатын жекпе-жегі алдында жоспарымен бөлісті

©twitter.com/qazaqstyle

Белгілі кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0, 8 КО) қарсы жекпе-жегінің алдында жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос алып арасындағы бокс кеші 22 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Отандасымыз орта салмақта WBO Interim вакантты титулына жұдырықтасады.

"Спарринг аяқталды. Барлығы тамаша өтті. Енді салмақты реттеп, 2-3 күнде Вегасқа ұшамыз бұйыртса!", - деп жазды Әлімханұлы Facebook парақшасында.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport