Бокс
Бүгін 10:47
 

Әлімханұлы WBO белбеуі үшін 11 нокауты бар қарсыласпен айқасады

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы WBO белбеуі үшін 11 нокауты бар қарсыласпен айқасады ©Тұрар Қазанғапов

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта бос тұрған чемпиондық титул үшін жекпе-жекке санкция берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта бос тұрған чемпиондық титул үшін жекпе-жекке санкция берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлының жаңа қарсыласы анықталды

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы жеңіліп көрмеген даниялық Якоб Банк (20-0, 11 КО) болды.

Тараптарға титулдық жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келіссөз жүргізу үшін 15 күн берілді. Егер боксшылардың өкілдері белгіленген мерзімде келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда тағайындалады.

Неліктен Якоб Банк таңдалды?

25 жастағы Банк WBO рейтингінде үшінші орында тұр және WBO Global титулының иегері. Ол WBO-ның бұрынғы чемпионы, британиялық Хамза Шираз чемпиондық белбеуден бас тартқаннан кейін Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болды. Шираздың қазақстандық боксшымен кездесуге ұсынылған гонорарға көңілі толмады.

WBO рейтингінің екінші сатысындағы Диего Пачеко басқа қарсыласпен жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Нәтижесінде таңдау даниялыққа түсті.

Бұған дейін Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF чемпионы болған. 2025 жылдың соңында ол WBA чемпионы Эрисланди Ларамен титулды жекпе-жек өткізуі керек еді, алайда қазақстандық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін кездесу өтпеді.

Нәтижесінде IBF оны чемпиондық белбеуден айырса, WBO бір жылға дисквалификациялап, титулын сақтап қалды.

Жазда Әлімханұлы екінші орта салмаққа көтеріліп, орта дивизиондағы WBO белбеуін босатты. Қыркүйек айының басында қазақстандық боксшы жаңа самлақтағы WBO рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!