Әлімханұлы үздік бестікте. Головкинмен араны бір ғана боксшы бөліп тұр

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

ESPN орта салмақта өнер көрсететін бокшсылар рейтингін жаңартты деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жетінші орыннан төртінші орынға бір-ақ көтерілді. Ал Головкиннің бұрынғы қарсыластарының бірі жапониялық Риота Мурата төртінші орыннан бір сат төмен жылжыса, мексикалық Хайме Мунгия үздік бестіктен шығып қалды. 

ESPN ұсынған орта салмақтың үздік ондығы:

1. Джермалл Чарло, АҚШ

2. Геннадий Головкин, Қазақстан

3. Деметриус Андраде, АҚШ

4. Жәнібек Әлімханұлы, Қазақстан (бұған дейінгі орны - 7)

5. Риота Мурата, Жапония (бұған дейін - 4)

6. Хайме Мунгия, Мексика (бұған дейін - 5)

7. Крис Юбенк-кіші, Ұлыбритания

8. Карлос Адамес, Доминикан Республикасы

9. Эрисланди Лара, Куба

10. Эскива Фалькао, Бразилия

Естеріңізге сала кетейік, Андраде орта салмақтағы WBO титулынан бас тартты, себебі ол екінші орта дивизионға ауысты. Осыған байланысты ол Әлімханұлымен кездесуден құтылды және қазақстандық осы жағдайдан кейін әлем чемпионы атанды. 

Жәнібек мамыр айында ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) жеңіп, WBO "уақытша" чемпионы белбеуін жеңіп алған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport