Бокс
Бүгін 07:02
 
Әлімханұлы үшін допинг дауының салдары қандай болатыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы үшін допинг дауының салдары қандай болатыны айтылды © instagram/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17–0, 12 KO) салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы (P4P) саналатын америкалық Теренс Кроуфордпен (42–0, 31 KO) жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты болжам айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

38 жастағы Теренс Кроуфорд мексикалық Сауль Канело Альваресті (63-3-2, 39 KO) қыркүйек айында сенсациялық түрде жеңгеннен кейін, өзінің болашағына қатысты әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Кроуфордтың келесі ықтимал қарсыластарының бірі ретінде Жәнібек Әлімханұлы аталған болатын. Алайда сарапшылар қазақстандық боксшының қазіргі жағдайы бұл жекпе-жектің өтуіне кедергі келтіруі мүмкін екенін алға тартуда.

"Орта салмақтағы біріктірілген чемпион Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек туралы көптеген қауесет тарады. Алайда қазақстандық боксшыға қатысты допинг жанжалы бұл кездесудің тағдырын белгісіз күйде қалдырды", - деп жазады EssentiallySports.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!