Бокс
13 қазан 13:20

Әлімханұлы үш титул үшін айқас алдында мәлімдеме жасады

©Жәнібек Әлімханұлы. ©Тұрар Қазанғапов/Vesti.kz

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) алдағы мақсаты жайлы батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Атап айтқанда, қазақстандық боксшы абсолют чемпион болғысы келетінін кезекті рет айтты.

"Нағыз чемпион барлық төрт белбеуді біріктіруге ұмтылуы керек. Егер сенде бір немесе екі белбеу ғана болса, бұл - өздерін чемпион санайтын басқа қарсыластардың бар екенін білдіреді. Нағыз чемпион өзге боксшылардың белбеуге ие болуына жол бермеуі тиіс - әр чемпион дәл осылай ойлауы қажет", - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жек бойынша келісімшартқа қол қойғаны хабарланған болатын. Ал оның қарсыласы орта салмақта WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) болады деп күтілуде.

Әлімханұлы мен Эрисланди Лара айқасының нақты күні "белгіленді"

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport