Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) алдағы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ боксшысы өз салмағында абсолютті чемпион атануға ниетті екенін айтты.
– «Менің мақсатым – орта салмақтағы барлық титулды біріктіру. Алдағы айқас мені сол мақсатқа бір қадам жақындатады. Мен өз елімді тағы да жарқырата түсуге дайынмын», – деді Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, келесі жекпе-жекте Жәнібек WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) күш сынасады. Кездесу үш белбеу — WBO, IBF және WBA — үшін өтеді.