Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) екінші ор стаалмақта WBO титулы үшін жеңіліп көрмеген даниялық Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) жекпе-жегінің қайда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы Джошуа - Фьюри бокс кешінде өнер көрсете ме?Әлімханұлы Банкпен титулдық жекпе-жегі танымал британиялықтар Энтони "Эй Джей" Джошуа (30-4, 27 КО) мен "Сыған патшасы" лақап атымен белгілі Тайсон Фьюри (36-2-1) арасындағы айқастың андеркардында өтуі мүмкін екенін айтты.
"Мен біздің жекпе-жегіміз Джошуа - Фьюри айқасының андеркардында өтеді деп ойлағанмын. Бірақ әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Мен жаңалық күтіп отырмын", - деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.
Джошуа мен Фьюридің жекпе-жегі 11 желтоқсанға жоспарланған және Уэльстің Кардифф қаласындағы "Принсипалити" стадионында өтуі тиіс. Алайда соңғы күндері БАҚ-та жекпе-жектің өтпеуі мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Соған қарамастан кездесудің ресми түрде тоқтатылғаны туралы мәлімдеме жасалған жоқ.
Әлімханұлы мен Банк WBO титулы үшін жұдырықтасадыБүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлы мен Банктің командаларына алдағы жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізуді міндеттеді. Тараптар 7 қазанға дейін келісімге келуі керек. Кері жағдайда ұйым промоутерлік сауда өткізеді.
Алдағы жекпе-жек WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы жаңа чемпионды анықтайды. Бұған дейін чемпиондық белбеу британиялық Хамза Ширазға (24-0-1, 19 КО) тиесілі болған.