Бокс
Бүгін 09:12

Әлімханұлы титулды айқас алдында Тайсон мен Әли жаттыққан залда барды

©x.com/qazaqstyle

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Бруклин ауданында орналасқан әйгілі Gleason’s Gym залында болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBO ұйымының бұрынғы чемпионының сапарын америкалық бапкер Дон Сэксби атап өтті. Ол қазақстандық спортшымен түскен суретін жариялап, кездесуден алған әсерімен бөлісті.

"Gleason’s залына орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келді. Нағыз чемпион әрі өте қарапайым жас жігіт. Құдай оған дайындап қойған жақсылықтың бәрін тілейміз!" - деп жазды бапкер.

 


Айта кетейік, Gleason’s Gym бокс тарихындағы аты аңызға айналған залдардың бірі. Әр жылдары мұнда Мохаммед Әли, Майк Тайсон және әлемдік бокс жұлдыздарының өзге де өкілдері жаттыққан.

Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

2027 жылғы 23 қаңтарда Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) Данияда жергілікті боксшы Якоб Банкпен (20-0, 11 KO) кездеседі.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBO титулы сарапқа салынады. Бұл қазақстандық боксшының орта салмақтан жоғары дивизионға ауысқаннан кейінгі алғашқы кездесуі болмақ. Ол жаңа салмақтағы дебютін бірден чемпиондық белбеу үшін өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport