Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жаңа салмақ дәрежесін не себепті таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы суперорта салмақты өзінің табиғи салмағы деп атадыОрта салмақта чемпионы чемпион болған 33 жастағы боксшы әуесқой карьерасының бүкіл кезеңінде 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, ауырлау дивизионға оралу өз мүмкіндіктерін жаңа қырынан көрсетуге жол ашады.
Әлімханұлы қаңтарда WBO белбеуі үшін жұдырықтасады"Мен әуесқой бокста ұзақ жыл бойы 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеттім. Бұл мен үшін табиғи салмақ еді. Кәсіпқой бокста 160 фунтқа (72 келі) дейін төмендеп, әлемнің біріккен чемпионы атандым. Енді табиғи салмағыма қайта оралып жатырмын. 168 фунтта (76 келі) сіздер мүлде басқа Жәнібекті көресіздер!" – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Қазақстандық боксшының екінші орта салмақтағы (суперорта салмақ) дебюті 2027 жылғы 23 қаңтарға жоспарланған. Жекпе-жек Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Әлімханұлының қарсыласы – 25 жастағы жергілікті боксшы Якоб Банк (20-0, 11 KO).
Бұл кездесуде бұған дейін британиялық Хамза Шираз босатқан WBO чемпионы атағы сарапқа салынады.
Әуесқой бокста Әлімханұлы 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол 2013 жылы әлем чемпионы атанса, 2014 жылы Азия ойындарында жеңіске жетті. Ал 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғады.
2026 жылдың жазында қазақстандық боксшы суперорта салмаққа ауысу үшін орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін өз еркімен босатты.