Әлімханұлы титулды айқас алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады

Top Rank

Белгілі былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 KO) өтетін айқасы алдында жанкүйерлеріне қарата үндеу жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Құрметті жанкүйерлер!
Қолдауларыңызға рақмет. Сіздер біздің командамызсыздар! Сіздер біздің тілеулесімізсіздер! Айтқан, жазған қолдау сөздеріңіз бізге қосымша күш! Бұйыртса тарих жасаймыз! QAZAQ STYLE дәуірі келді!, - деп жазды Әлімханұлы.

Еске салайық, 22 мамыр күні орта салмақта WBO белбеуінің "уақытша" чемпионы атағы үшін Әлімханұлы мен Дигнум айқасады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар