Әлімханұлы The Ring рейтингінде Головкиннің өкшесін басты

©Top Rank

Орта салмақта WBO чемпионы атағына ие қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы танымал The Ring журналы рейтингінде екінші сатыға көтерілді. 

"Жәнібек Әлімханұлы рейтингке енбеген Стивен Батлерді екі раундта айқын жеңіп шыққаны нәтижесінде рейтингте екінші орынға көтерілді", - деп жазыпты басылым. 

Бұған дейін Qazaq Style үшінші орында болатын. 

Орта салмақта The Ring журналы рейтингінде отандасымыз Геннадий Головкин көш бастап тұр. Тағы бір қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов 8-орынға жайғасқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport