Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шыққысы келмей, жалтара бастағанын британиялық Хамза Ширазды (24-0-1, 19 КО) әлеуметтік желі арқылы жақсылап сыбап алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ол мені қызықтырмайды! Ол татақты боксшы емес! Ол маған ештеңе бермейді! Маған тек титул керек! Содан кейін WBC мен WBO арасындағы жекпе-жек! Бұл дегеніміз – Жәнібек пен Канело!", – деп жазды қазақстандық боксшы.
Бұған дейін WBO Әлімханұлын екінші орта салмақтағы чемпион Ширазға міндетті қарсыласы ретінде ресми бекітіп, тараптарға келіссөз жүргізу үшін 3 қыркүйекке дейін уақыт берген болатын. Алайда британиялық боксшы бұл шешімді сынға алып, тіпті жекпе-жектен бас тарту үшін чемпиондық белбеуінен өз еркімен босатуға дайын екенін мәлімдеді.
Қызығы, Әлімханұлы мен Шираз бұдан да ертерек кездесуі керек еді. Алайда сол кезде Шираз орта салмақтан екінші орта салмаққа ауысып, қазақстандық боксшымен кездесуден жалтарған болатын.