Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы үлкен жоспарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ боксшының екі мақсаты ғана бар"Менің екі мақсатым бар. Бірінші мақсатым - орта салмақта барлық титулдарды жинау, екіншісі - "Канеломен" жекпе-жек өткізіп, оны жеңу, осымен болды", — деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.
Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Жәнібек бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсірді.
Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 KO) 3 мамырда Сауд Арабиясында кубалық Уильям Скуллмен (23-0, 9 KO) екінші орта дивизионда абсолют чемпион атағы үшін айқасады, ал күзде америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 KO) кездесуді жоспарлап отыр.