Бокс
28 сәуір 14:41
 

Әлімханұлы Сауль Альвареспен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы Сауль Альвареспен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады ©Top Rank

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы үлкен жоспарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы үлкен жоспарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшының екі мақсаты ғана бар

"Менің екі мақсатым бар. Бірінші мақсатым - орта салмақта барлық титулдарды жинау, екіншісі - "Канеломен" жекпе-жек өткізіп, оны жеңу, осымен болды", — деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.

Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Жәнібек бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсірді.

Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 KO) 3 мамырда Сауд Арабиясында кубалық Уильям Скуллмен (23-0, 9 KO) екінші орта дивизионда абсолют чемпион атағы үшін айқасады, ал күзде америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 KO) кездесуді жоспарлап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!