Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жекке дайындық аясындағы спаррингте қарсыласын есеңгіретіп жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек 21 мамырда британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Осы айқасқа дайындық кезінде қазақ боксшы спарринг серігін нокаутқа түсіре жаздады.
"Біз дайынбыз", - депті боксшы видеоға жазбада.