Бокс
28 сәуір 2023 10:49

Әлімханұлы салмағындағы чемпион нокдауннан кейін тұрып қарсыласын нокаутқа түсірді

©stuff.co.nz

Жаңа Зеландия азаматтығын алған Ресей тумасы Андрей Михайлович (19-0, 11 KO) кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа Зеландияның Окленд қаласындағы Eventfinda Stadium шаршы алаңында өткен бокс кешінде ол венесуэлалық Эдиссон Салтаринмен (16-0, 12 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. 

Бастапқыда Салтарин басым болды - бірінші раундта-ақ ол қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Андрей қайта тұра алды. 

Бесінші раундта Михайлович есе қайтарып, венесуэлалықты есеңгіретеді. Осы кезде төреші жекпе-жекті бірден тоқтатып, техникалық нокаут болды деген шешім шығарды. 

Осылайша, Михайлович карьерасында 20-шы жеңіске жетіп, орта салмақта IBF Pan Pacific жне WBO Global белебулерін қорғап қалды. Ал Салтарин карьерасында алғаш рет жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport