Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы UFC файтері Шавкат Рахмонов және қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовпен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазақстан", — деп қысқа жазба қалдырды Жәнібек Әлімханұлы.
Әлімханұлының рингке оралуы күтілудеЕске салайық, бұған дейін Жәнібек орта салмақта IBF және WBO чемпиондық белбеулерінің иегері болған.
2025 жылдың желтоқсанында қазақстандық боксшы WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Лараға қарсы титул біріктіретін жекпе-жек өткізуі тиіс еді.
Алайда Әлімханұлының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін жекпе-жек өтпей қалды.
Кейін IBF қазақстандықты чемпиондық белбеуден айырып, 2026 жылдың желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетті. Ал WBO ұйымы боксшыны бір жылға дисквалификациялағанымен, чемпиондық атағын сақтап қалды.
Ал Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты ұзақ үзіліс алып, UFC рейтингінен түсіп қалды. Бұған дейін ол жартылай орта салмақта жоғары орындарда тұрған және салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлердің (P4P) топ-15 қатарына енген еді.
Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
Дәл сол кездесуден кейін оның тізесіне қатысты мәселелер пайда болған.
Ахмедовтың соңғы айқасы сенсациямен аяқталдыАл Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуірінде өткізіп, мексикалық Элиас Эспадаспен тең түсті.
Кездесу қорытындысы көптеген жанкүйер үшін күтпеген нәтиже болды.