Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) өзін жекпе-жекке шақырған бразилиялық Эскива Фалькаоға (30-0, 20 КО) жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңілмеген нокаутшы Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
"Егер менімен айқасқың келсе, алдымен чемпион атануың керек, сосын сөйлесеміз. Мені титулы жоқ боксшылар қызықтырмайды. Сені құрметтеймін, бірақ, әлемдік бокста сенің атың жоқ! Мен Чарло, "Канело" дегендермен жұдырықтасқым келеді", - деді Жәнібек.