Бокс
17 қыркүйек 08:41
 

Әлімханұлы мен WBA чемпионы арасындағы айқастың маңызы айтылды

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы мен WBA чемпионы арасындағы айқастың маңызы айтылды ©Fight.ru

Орта салмақта жұдырықтасатын британиялық боксшы Шакил Томпсон (14-0, 10 KO) IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) кімге қарсы көргісі келтінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта жұдырықтасатын британиялық боксшы Шакил Томпсон (14-0, 10 KO) IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) кімге қарсы көргісі келтінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Томпсонның айтуынша, Жәнібекке орта дивизионда WBA  титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) кездескен жөн.

"Бұл шын мәнінде бокстың жанкүйерлері үшін өтетін айқас. Бокс әлемінен хабары бар кез келген жан бұл жекпе-жектің мән-маңызын түсінеді. Көп адам Лараны жасы келген деп ойлайды, бірақ, мен мұнымен келіспеймін. Ол шеберлігін сақтап қалған. Соңғы жекпе-жектерінде тіпті бұрынғыға қарағанда нокауттары көп болды", - деді Томпсон британиялық журналист Зак Шумакерге берген сұхбатында.

Еске салайық, Эрисланди Лара 2014 жылы мексикалық Сауль Канело Альвареспен (63-3-2, 39 KO) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген болатын. Ал соңғы рет кубалық былтыр қыркүйекте рингке шығып, америкалық Дэнни Гарсияны ұпай санымен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!