Бокс
22 мамыр 09:39
 

Әлімханұлы мен Нұрсұлтановтың қайсы Адамеспен айқасатыны шешілді

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы мен Нұрсұлтановтың қайсы Адамеспен айқасатыны шешілді ©Тұрар Қазанғапов және IG/meiirim.nursultanov

Белгілі қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (21-0, 17 КО) пен орта салмақта WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекке байланысты келіссөздердің егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Белгілі қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (21-0, 17 КО) пен орта салмақта WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекке байланысты келіссөздердің егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) сәуір айында франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта ауыр нокаутқа түсіргеннен кейін орта салмақтағы белбеулерді біріктіру туралы келіссөздер қайта жанданды.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек өз дивизионында барлық белбеуді жинағысы келтінін бірнеше рет айтқан. Бұл мақсатта оның ықтимал қарсыластарының бірі — WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес. Доминикандық боксшы жуырда WBA чемпионы Эрисланди Ларамен айқасуға асықпайтынын айтып, кубалыққа деген құрметін білдірді. Бұл жағдай Адамес пен Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөздерді жеделдетуі мүмкін еді.


Алайда Адамес алдымен өзіне белгіленген міндетті қарсылас — Мейірім Нұрсұлтановпен жұдырықтасуы керек. The Ring мәліметінше, қос тарап арасындағы келіссөздер жоғары деңгейге жеткен, және жекпе-жек PBC ұйымының жазда өтетін шоуының бірінде ұйымдастырылуы мүмкін. Ресми хабарлама жақын күндері жарияланады деп күтілуде.


Айта кетейік, Нұрсұлтанов 2023 жылдың қарашасынан бері рингке шықпаған. Ал Жанибек кейінгі төрт айқасында орта деңгейлі қарсыластарын нокаутпен жеңіп отырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!