The Ring журналының инсайдері және DAZN жетекшісі Майк Коппинджер орта салмақта IBF және WBO Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBA титулына ие кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлеуметтік желілерде ол төмендегідей жазба қалдырды:
"Еңбек қабілетін арттыратын тыйым салынған заттарға бойынша VADA талдауының нәтижесі Жәнібек Әлімханұлы үшін жағымсыз болып тұр. Бұл туралы дереккөз хабарлап отыр.
Орта салмақтағы титул біріктіретін Жәнібек пен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек сенбі күні өтуі тиіс болатын, бірақ, енді ол өтпей де қалуы ықтимал. Лара – бокста жасы үлкен белсенді чемпион және ол WBA титулын басқа қарсыласқа қарсы қорғай алады", – деп жазды маман.
Еске салайық, бұл айқас 6 желтоқсан Сан-Антониода (АҚШ) (Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан) өтеді деп жоспарланған болатын.
Janibek Alimkhanuly has delivered an adverse analytical finding for a performance-enhancing drug following a VADA test, sources tell @ringmagazine.
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) December 2, 2025
Janibek’s middleweight title unification vs. Erislandy Lara on Saturday is in serious jeopardy. Lara, boxing’s oldest male… pic.twitter.com/tkEDLZn1jL
Жарнама