Бокс
12 мамыр 13:08
 

Әлімханұлы мен Канело айқасы келесі жылы өтеді

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы мен Канело айқасы келесі жылы өтеді © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жоспарларымен бөлісіп, келесі қарсыластарының есімдерін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жоспарларымен бөлісіп, келесі қарсыластарының есімдерін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

5 сәуірде 32 жастағы боксшы IBF рейтингіндегі жетінші нөмірлі франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсіріп, титулдарын сәтті қорғады. Алайда Әлімханұлы биыл тағы бір жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Жәнібек WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) титулдар біріктіретін айқасқа ынталы. 


"Биыл мен Карлосты құлатып, үшінші белбеуімді аламын. Содан кейін Лараны зейнетке шығарамын. Ал келесі жылдың мамырында Канеломен жұдырықтасып, екі салмақта да абсолют чемпион боламын!" — деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Карлос Адамес өзге қазақстандықпен айқасады

Айта кетейік, қазіргі таңда Адаместің белбеуіне міндетті үміткер WBC рейтингінің көшбасшысы, тағы бір қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) болып тұр. Тараптарға келісімге келу үшін 6 мамырға дейінгі мерзім берілген болатын. Алайда бұл күнге дейін келісімшартқа қол қойылмағанымен, промоутерлік сауда да өткізілген жоқ.


Ұйым келіссөздердің оң динамикасын атап өтіп, қосымша уақыт беруге шешім қабылдады. Сарапшылардың айтуынша, тараптар саудасыз-ақ келісімге келуі мүмкін, ал жекпе-жектің өзі жазда Premier Boxing Champions шоуларының бірінде өтуі ықтимал.

Эрисланди Лара

Кубалық Эрисланди Лара (31-3, 19 KO) қазіргі орта салмақтағы ең егде чемпион (42 жаста). Ол WBA белбеуін иеленіп отыр. Кейінгі рет ол 2024 жылғы 14 қыркүйекте америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) жеңген болатын.


Сауль Канело Альварестің жоспары

Мексикалық Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 KO) мамырдың 4-іне қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында кубалық Уильям Скуллмен (23-1, 9 KO) жұдырықтасты.

12 раундтан кейін төрешілер жеңісті Канелоға берді, бұл арқылы ол қарсыласынан IBF белбеуін тартып алып, екінші орта салмақта қайтадан абсолют чемпион атанды.


Ал 12 қыркүйек Лас-Вегаста (АҚШ) Канело америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 KO) супержекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, Альварес Сауд Арабиясының ірі инвесторы Турки әл-әш-Шейхпен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойған болатын. Оның келесі қарсыластары әзірге белгісіз. Алайда Әлімханұлының ойынша, Жәнібек жақын арада сол қарсыластардың бірі болуы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!