Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы жекпе-жек қайда өтетіні анықталды

©Top Rank

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум  (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жектің қайда өтетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесуде орта салмақта WBO ұйымының "уақытша" чемпиондық атағы сарапқа салынады. Айқас 21 мамырда өтеді. Кездесуді ESPN арнасы көрсетеді. 

"Аталған айқас Top Rank Boxing on ESPN ұйымдастыратын кештің басты жекпе-жегі болады. Кездесудің нақты қай қалада өтетіні белгісіз. Бірақ жекпе-жек АҚШ жерінде болады", - деп жазды инсайдер Майк Коппинжер. 

Айта кетейік, осыған дейін бұл кездесуге қатысты Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар