Бокс
Бүгін 14:48

Әлімханұлы мельдонийді неге қолданғаны айтылды

©

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас спортшының ағзасынан тыйым салынған препараттың анықталуына қатысты кеңінен түсініктеме берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Былтыр желтоқсан айында алынған допинг-сынама оң нәтиже көрсеткен. Тергеу қорытындысы бойынша биыл ақпанда WBO шешім шығарып, Әлімханұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін дисквалификацияланды. Дегенмен, ол чемпиондық титулын сақтап қалды.

Медициналық себептер

Америкалық журналист Стив Кимнің мәліметінше, өткен жылдың 7 мамырында Әлімханұлы қатты бас ауруы, жүрек айну, бас айналу және құсу белгілерімен клиникаға жүгінген. Бұған дейін, 25 сәуірде ол Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгеге қарсы жекпе-жек өткізген болатын.

Емдеу барысында спортшыға рипронат препараты тағайындалған. Оның белсенді заты - мельдоний. Медициналық есепте препараттың көктамыр арқылы "өткір деңгейдегі ұстамаға байланысты" енгізілгені көрсетілген.

Менеджердің ұстанымы

Климас ем қабылдау сәтінде ешқандай ереже бұзылмағанын атап өтті:

"Біз мельдоний ағзада тоғыз айға дейін сақталуы мүмкін екенін анықтадық. Ол клиникада ем алған кезде алда жоспарланған жекпе-жек болған жоқ және WADA тестілеу бағдарламасында болмаған. Дәрігерлер оны толықтай заңды препараттармен емдеді. Бұл елде (Қазақстанда) аталған дәрі тіпті рецептсіз сатылады", - деп береді Эгистің сөзін Стив Ким.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport