Әлімханұлы мексикалық нокаутшымен мегафайтқа қатысты ойын айтты

©

Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (40-0, 32 КО) айқасуы ықтимал деген ақпаратқа қатысты қысқа қайырып, жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында talkSPORT шолушысы Майкл Бенсон 12 қарашада Дензел Бентлиді жеңетін болса, WBO Жәнібекті міндетті қарсылас Хайме Мунгиямен жұдырықтасуға міндеттейтінін хабарлаған болатын. Қазақстандық боксшының командасы да осындай хабарламаны әлеуметтік желіде жариялады. 

Ал Әлімханұлының өзі бұл жаңалыққа былай жеп жауап берді: "Мунгия? Оңай жұмыс! Мен оны нокаутқа түсіремін!".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар