Әлімханұлы мексикалық нокаутшымен айқастан "айнып қалды"
Орта салмақта WBO чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (40-0, 32 КО) жекпе-жектің керегі болмай қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBO чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (40-0, 32 КО) жекпе-жектің керегі болмай қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Айттым ғой мен орта салмақ үрейімін деп. Менен бәрі айналып өткісі келеді. Егер олай болмаса, Мунгия неге қашады? Шынын айтқанда ол маған қызық емес. Ол ешкім емес. Чемпиондық белбеуі жоқ. Маған чемпиондар керек!" - деп береді Жәнібектің сөзін Boxingscene.com.
Кейінгі айқасында аргентиналық Гонсало Корияны (21-6, 8 КО) жеңгеннен кейін Мунгия 2023 жылы чемпиондармен айқасқысы келетінін мәлімдеді. Алайда Әлімханұлымен емес, IBF, IBO және WBA титулдары бар Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) және WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО).
Жарнама