Бокс
13 қараша 12:29

Әлімханұлы Ларамен айқас алдында допинг қолдану туралы айтты

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) жекпе-жек алдында VADA тексерісінен сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы өзінің допинг-тест нәтижесінің таза шыққанын айтты.

"Мен адал спортты қолдаймын және допингке қарсымын! Біз VADA тексерісінен өттік, кеше нәтижелер келді - бәрі таза", - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желілерде.

32 жастағы чемпионның келесі жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтеді. Онда ол орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездеседі.

Жәнібек кейінгі рет биыл сәуір айында Астанада рингке шыққан болатын. Ол жекпе-жекте Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, өз титулдарын сәтті қорғады.

Ал Лара кейінгі рет 2024 жылдың қыркүйегінде рингке шыққан. Ол кезде кубалық боксшы екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Дэнни Гарсияны (37-4, 21 КО) нокаутпен жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport