Америкалық белгілі бокс шолушысы Шон Зиттель қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титулдық жекпе-жегіне қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлынның басты қаруы айтылдыОрта салмақтағы жылдың ең маңызды жекпе-жегі 6 желтоқсан күні АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтеді. Рингте бірден үш чемпиондық белдеу - WBO, IBF және WBA сарапқа салынады. Сарапшының сөзінше, Жыланды тумасы бұл жұпта фаворит көрінеді:
"Жәнібек бұл жекпе-жекте жеңеді. Лараның жасы - 42. Орта салмаққа өткеннен кейін оны сол қолы талай рет құтқарды. Бірақ Жәнібектің ойыны, жоғары өнімділігі мен сергектігі оған жеңіс әкелу керек", - деп жазды Зиттель X әлеуметтік желісінде.
Лараның жағдайы: шамамен бір жыл рингке шықпады
42 жастағы кубалық кейінгі жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізген. Сол кезде ол екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Дэнни Гарсияны нокаутқа түсірді. Осыдан кейін Лара бір жылдан астам уақыт рингке шыққан жоқ.
Әлімханұлы айқасқа бабында шығады
32 жастағы Жәнібек Әлімханулы кейінгі кездесуін 2025 жылдың сәуірінде өткізді. Ол кезде франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундтың басында нокаутқа түсірді.