"Әлімханұлы көңілді қалдырды". Жәнібек ортаңқол боксшыны әзер жеңгені айтылды
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) титулын алғаш қорғауда британиялық Дензел Бентлиді (17-2-1, 14 КО) әзер жеңді, деп жазыпты vRINGe.com журналы.
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) титулын алғаш қорғауда британиялық Дензел Бентлиді (17-2-1, 14 КО) әзер жеңді, деп жазыпты vRINGe.com журналы.
Әлімханұлы кейінгі айқасында көзі қалай көгергенін көрсетті
"Солақай чемпион әдеттегідей ринг ортасын иемденді, қысымға алды және қарсыласты өзіне шабуылдауға тартты, баяу джебпен түрпектеп тұрды. Бентли болса контрпанчерді бақылауда ұстауға тырысты, бірақ, шыдамай кетіп, шіреніп ұра жөнеліп отырды. Салдарынан ауып кетіп, соққы жейді.
Әлімханұлына қарсыластың ебедейсіз стилі ыңғайсыздық тудырды. Жәнібек жекпе-жекті жақсы бастаған еді. Үміткер 5-раундта есін жиып, өзін еркін сезіне бастады, денеден соққы жасап жүрді. Бентли кемі тең дәрежеге шықты. Жәнібек көңілді қалдырды - сол хукпен қарымта соққы жасау жоспары тым ашық көрініп тұрды. Жақсы джеб пен комбинациялық жұмыс жетіспеді.
10-раунда боксшылар ашық айқасқа көшті. Чемпион шаршап қалды, оның командасы қобалжи бастады. Ал чемпиондық айқастарда Бентли хуктарды әбден жеді, нокаутқа түсуге жақын болды. Соңғы секундтарда екеуі де аяғында әзер тұрды.
Әлімханұлы UD 12. Британиялық ортаңқол боксшымен шоу нашарлау болды", - деп жазыпты интернет-журнал.
Жарнама