Әлімханұлы кездесуден бас тартып жүргендерге үн қатты

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) өз Twitter парақшасында чемпиондарға арналған кезекті мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Айта кетейік, жуырда Әлімханұлы мен WBO Europe титулының иегері британиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек туралы ақпарат шыққан еді. Кездесуде Бүкіләлемдік бокс ұйымының орта салмақтағы "уақытша" титулы сарапқа салынбақ.  

"Менімен қазір кездесуге шықпаған чемпиондар болашақта менімен жекпе-жекке шығуға зар болады. Мен айтып тұрғанымды жақсы білемін. иншАллах Сіздер соған куә боласыздар! Мен тек чемпион болып қоймаймын. Мен өте танымал чемпион боламын!", - дейді ол өз парақшасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар